Кәсіптік бағдар беру маманының І жартыжылдық бойынша есебі
Кәсіптік бағдар беру – білім алушылардың жеке қабілеттерін, қызығушылықтарын, бейімділіктерін және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауына бағытталған жүйелі педагогикалық жұмыс.
Кәсіптік бағдар берудің негізгі мақсаты – тұлғаның өз мүмкіндіктерін дұрыс бағалап, еңбек нарығының сұранысына сай келетін мамандықты саналы түрде таңдауына жағдай жасау, сонымен қатар қоғамға пайдалы, бәсекеге қабілетті маман болып қалыптасуына ықпал ету.
29.09.2025 ж. №17 мектепте Семей қаласындағы СМУ университетінің өкілдері 11-сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты – бітіруші түлектерге университет туралы жан-жақты мәлімет беру, оқу бағдарламалары мен мамандықтар жайлы таныстыру, болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар көрсету болды.Университет мамандары оқушыларға білім беру жүйесіндегі жаңа мүмкіндіктерді, гранттар мен оқу барысында қолжетімді әлеуметтік қолдау түрлерін таныстырды. Сонымен қатар, түлектерге қызықтырған сұрақтарына жауап беріліп, кәсіби бағдар беру бойынша пайдалы кеңестер ұсынылды.
13.11.2025 ж №17 мектепте 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесуге Мақсұт Нәрікбаев университетінің өкілдері қатысып, жоғары оқу орнының оқу бағыттары мен мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат берді.Іс-шараның мақсаты – мектеп түлектерін жоғары білімнің маңыздылығымен таныстырып, болашақ мамандық таңдауға дұрыс бағыт беру болды.Кездесу барысында университет өкілдері оқу бағдарламалары, гранттар мен жеңілдіктер, сондай-ақ студенттік өмір мен халықаралық ынтымақтастық туралы айтып өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
20.11.2025 ж №17 мектепте 10–11 сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті. Кездесуге еліміздегі әуе қозғалысын басқару саласындағы жетекші ұйымдардың бірі — «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өкілдері келді.Іс-шараның мақсаты – оқушыларға авиация саласының маңыздылығын түсіндіру, әуе навигациясы мамандығының қыр-сырын таныстыру және болашақ кәсіби бағыт таңдауға көмек беру болды.Кездесу барысында мамандар аэронавигация, диспетчерлік қызмет, инженерлік-техникалық бағыттар туралы толық мағлұмат беріп, оқу бағыттары мен кәсіби талаптар жайлы әңгімеледі. Сондай-ақ оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. http://semey-17.edu.kz/ou-rds/proforientacija/2269-kazajeronavigacija-10-11-synyp.html
17.11.2025ж 11 «А» және 11 «Ә» сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру аясында диагностикалық жұмыс жүргізілді. Бұл жұмыс қазіргі түлектердің болашақ мамандықты дұрыс, саналы және жеке қабілеттеріне сай таңдауларына бағытталған.Жұмыстың мақсаты:Оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттерін және тұлғалық ерекшеліктерін анықтау;Кәсіби бейімділік деңгейін бағалау;Болашақ мамандықты таңдауда жеке ерекшеліктерді ескере отырып бағыт беру;Оқушыларға өзін-өзі тануға, өз әлеуетін түсінуге көмектесу.Өткізілген диагностика түрлері:Кәсіби қызығушылықты анықтайтын тесттер;Қабілет және тұлғалық ерекшелік сауалнамалары;Мамандыққа бейімділікті анықтау әдістемелері;Нәтижелерді талдау және оқушылармен жеке түсіндірме жұмыстарын жүргізу.
08.12.2025 ж №17 мектептің 9 «Б» сынып оқушылары кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында Геологиялық барлау колледжіне танымдық экскурсия жасап қайтты.Экскурсия барысында оқушыларға колледждің материалдық-техникалық базасы таныстырылып, геология, пайдалы қазбаларды іздеу және барлау салалары бойынша заманауи жабдықтар көрсетілді. Сонымен қатар мамандар оқушыларға геолог мамандығының маңызы, еңбек нарығындағы сұранысы және оқу бағдарламалары жайында жан-жақты ақпарат берді.
Іс-шараның мақсаты — оқушылардың кәсіби бағдарын кеңейту, техникалық және қолданбалы мамандықтарға деген қызығушылықты арттыру болды. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пайдалы мәліметтер алды.
09.12.2025 ж Жоғары гуманитарлық-құқықтық және техникалық колледжі 9-сынып оқушылары арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізді.Іс-шара барысында оқушыларға даярлау бағыттары, оқуға түсу шарттары, білім беру бағдарламалары және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Колледж мамандары оқу орнының артықшылықтары, студенттік өмір және кәсіби өсу перспективалары жөнінде толық мәлімет берді.Оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды және болашақ мамандықты таңдауға қатысты пайдалы кеңестер алды. Өткізілген кәсіптік бағдар беру жұмысы мектеп оқушыларының алдағы білім алу бағытын нақты айқындауына ықпал етті. http://semey-17.edu.kz/ou-rds/proforientacija/2370-9-dekabrja-2025-goda-vysshij-gumanitarno-pravovoj-i-tehnicheskij-kolledzh-provel-proforientacionnuju-rabotu-sredi-uchaschihsja-9-h-klassov.html
15.12.2025 ж М.О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің өкілдері білім беру ұйымына келіп, 9-сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізді.Кездесу барысында оқушыларға колледждегі мамандықтар, оқуға қабылдау талаптары, білім беру бағдарламалары мен болашақтағы еңбек нарығындағы мүмкіндіктер туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сондай-ақ педагогикалық мамандықтың маңызы, артықшылықтары және кәсіби даму жолдары түсіндірілді.Іс-шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Кәсіптік бағдар беру жұмысы оқушылардың болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауына ықпал етті.
25.12.2025 ж Семей қаласындағы №17 жалпы орта білім беретін мектепте 11-сынып оқушыларына арналған профилактикалық түсіндірме жұмыстары өтті.Іс-шараға 54770 әскери бөлімінің жауынгері Майдан Жандос Нұрбланұлы қатысып, «Б. Момышұлы – срочник 2.0» тақырыбында және С. Нұрмағамбетов атындағы Жоғары құрлық әскери институты жөнінде мазмұнды ақпарат ұсынды. Кездесу барысында әскери қызметтің маңызы, Отан қорғаудың абыройлы міндет екені, сондай-ақ әскери жоғары оқу орындарына түсу талаптары мен мүмкіндіктері кеңінен түсіндірілді.Оқушылар тақырыпқа қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарын қойды. Өткізілген профилактикалық түсіндірме жұмыстары жасөспірімдердің әскери-патриоттық тәрбиесін нығайтуға және болашақ мамандықты таңдауда саналы шешім қабылдауына ықпал етті.

