Заң мамандықтары » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

19
январь
2026

Заң мамандықтары


19.01.2026 ж «Заң мамандықтары» тақырыбы аясында Жоғары гуманитарлық заң және техникалық колледжінің өкілдері 9-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру бағытында кездесу өткізді.

Кездесу барысында оқушыларға құқық саласындағы мамандықтардың мазмұны мен ерекшеліктері, заң мамандығының қоғамдағы рөлі, сондай-ақ колледжде жүзеге асырылатын білім беру бағдарламалары туралы толық мәлімет берілді. Сонымен қатар талапкерлерге қабылдау шарттары, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы және түлектердің болашақтағы еңбек нарығындағы мүмкіндіктері таныстырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың заң саласына деген қызығушылығын арттыру, кәсіби бағдар беру және болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағыттау болды. Кездесу барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарына нақты жауаптар алды.

Аталған кездесу оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға және болашаққа деген сенімін қалыптастыруға оң ықпал етті.