Политехникалық колледж » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

06
апрель
2026

Политехникалық колледж


2026 жылғы 6 сәуір күні Семей қаласындағы №17 мектепке Политех колледжі мамандары келіп, 9-сынып оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасын өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауда бағыт беру, техникалық және кәсіптік білім берудің артықшылықтарын таныстыру, сондай-ақ оқушылардың болашақ мамандыққа қызығушылығын арттыру.

Колледж өкілдері оқу орнының білім беру бағдарламалары, қабылдау шарттары және студенттерге жасалатын мүмкіндіктер туралы ақпарат беріп, қазіргі еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы айтты. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты мәліметтер алды.

Іс-шара интерактивті форматта өтіп, оқушылардың белсенді қатысуымен жалғасып, олардың болашақ кәсіби бағытын айқындауға септігін тигізді. Мектеп әкімшілігі мұндай кездесулерді әрі қарай да ұйымдастыру жоспары бар екенін хабарлады.