Трудоустройство выпускников 11-х классов » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Трудоустройство выпускников 11-х классов
03
сентябрь
2026

Трудоустройство выпускников 11-х классов


2025–2026 оқу жылында 11-сыныпты 51 оқушы аяқтады. Бітіруші түлектердің басым бөлігі жоғары білім алуды мақсат етіп, жоғары оқу орындарына түсуге бағыт алды. Нәтижесінде, 44 оқушы (86,3%) жоғары оқу орындарына оқуға түсті. Бұл көрсеткіш мектеп бітірушілерінің жоғары білім алуға деген қызығушылығы мен оқуын жалғастыруға бағытталған кәсіби таңдауының жоғары деңгейде екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, 4 оқушы (7,8%) колледждерге оқуға түсті. Колледж таңдаған түлектер техникалық және кәсіптік білім алуды жалғастырып, белгілі бір мамандық бойынша кәсіби біліктілік алуға бағытталды.

Бітірушілер арасында 2 оқушы (3,9%) әскери қызметке баруға жоспарланған, ал 1 оқушы (2%) қазіргі уақытта жұмыс жасайды. Жалпы алғанда, 11-сынып түлектерінің басым көпшілігі өздерінің білім алуын немесе кәсіби жолын айқындап, жоғары оқу орындары мен колледждерге түсу арқылы әрі қарайғы өмірлік және кәсіби бағыттарын таңдаған.