Еуразиялық білім көрмесі
2026 жылғы 7 сәуір күні Семей қаласында Білім бөлімінің ұйымдастыруымен 10-11 сынып оқушыларына арналған Еуразиялық білім көрмесі өтті. Іс-шара өткен орындар – Абай атындағы қалалық кітапхана және Медицина академиясы.
Көрме аясында оқушыларға Қазақстан мен шетелдің жоғары оқу орындары мен колледждерінің білім беру бағдарламалары таныстырылды. Қатысушылар заманауи оқу мүмкіндіктері, қабылдау шарттары, стипендиялық және басқа да жеңілдіктер туралы ақпарат алды.
Іс-шара барысында мектеп оқушылары университет пен колледж өкілдерімен жеке сұхбаттасып, болашақ мамандық таңдауда нақты бағыттар мен кеңестер алды. Көрме интерактивті форматта өтіп, қатысушылардың қызығушылығы мен белсенділігі жоғары болды.
Білім бөлімі мұндай шараларды жүйелі түрде өткізу арқылы оқушылардың кәсіби бағдарын дұрыс таңдауға көмектесуді мақсат ететінін атап өтті.

