«Vipusknik-2026» білім беру көрмесі
№17 жалпы орта мектебінің 10–11 сынып оқушылары «Vipusknik-2026» білім беру көрмесіне қатысты
12–13 ақпан күндері Семей қаласында Білім басқармасының жоспарына сәйкес «Vipusknik-2026» республикалық білім беру көрмесі өтті.
Аталған іс-шараға №17 жалпы орта мектебінің 10–11 сынып оқушылары қатысып, жоғары және техникалық-кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездесті. Көрме барысында оқушылар республиканың әртүрлі қалаларынан келген жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларымен, қабылдау талаптарымен, грант мүмкіндіктерімен танысты.
Сонымен қатар Семей қаласының колледждері өз мамандықтары туралы ақпарат беріп, оқушыларға кәсіби бағдар бағытында кеңес ұсынды.
Іс-шараға оқушылар сынып жетекшілерімен бірге қатысып, болашақ мамандық таңдауда маңызды ақпараттар алды. Көрме жас түлектерге өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес мамандық таңдауға бағыт-бағдар берді.

