Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
21
январь
2026

Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті


2026 жылғы 21 қаңтарда Семей қаласындағы №17 жалпы орта білім беретін мектепте Абай облысы білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 11-сынып оқушыларына арналған кәсіби бағдар беру кездесуі өтті.

Іс-шара Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті өкілдерінің қатысуымен ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта ұйымдастырылды. Кездесудің негізгі мақсаты – мектеп бітіруші түлектерге жоғары білім беру ұйымдарының мүмкіндіктерін таныстыру, мамандықты саналы таңдауға бағыт беру.

Кездесу барысында университет өкілдері аграрлық саладағы заманауи мамандықтар, оқу бағдарламалары, грант мүмкіндіктері мен түлектердің болашақтағы еңбек нарығындағы сұранысы туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Аталған іс-шара оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға ықпал етті.