Затон Полиция бөлімінің қызметкерлері мұғалімдермен алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді. » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » Затон Полиция бөлімінің қызметкерлері мұғалімдермен алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
04
февраль
2026

Затон Полиция бөлімінің қызметкерлері мұғалімдермен алаяқтықтың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.


Кездесу барысында Затон ПБ Криминалдық полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Бекқазыұлы Қонысқазы және Затон ПБ ҚҚБ Ювеналды полиция тобының аға учаскелік полиция инспекторы, полиция аға лейтенанты Елжас Боранғалиұлы мұғалімдерге алаяқтық қылмыстарының кең таралған түрлері туралы жан-жақты ақпарат берді.

Полиция қызметкерлері интернет алаяқтық, телефон арқылы жасалатын алдау әрекеттері, жалған банк қызметкерлері атынан қоңырау шалу, әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы жасалатын қылмыстар жөнінде түсіндіріп, олардың алдын алу жолдарын атап өтті. Сонымен қатар, күмәнді жағдайлар туындаған кезде қандай әрекет жасау керектігі, жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы жөнінде нақты мысалдар келтірілді.

Кездесудің мақсаты — мұғалімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, алаяқтық қылмыстардың алдын алу және қауіпсіздік шараларын сақтау мәдениетін қалыптастыру.