Оқушылармен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Оқушылармен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді
25
декабрь
2025

Оқушылармен құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді


2025 жылғы 25-і күні Затонский полиция бөлімінің ОКП аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Бейсенов Ерхат Советұлы 8–11 сынып оқушылары (ұлдар мен қыздар) арасында профилактикалық жиналыс өткізді.

Жиналыс барысында оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, буллинг пен қоқан-лоқының (қорқыту, қысым көрсету) салдары, сондай-ақ алаяқтық (мошенничество) әрекеттерінің түрлері мен олардың заң алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен түсіндірілді.

Кездесу кезінде интернеттегі алаяқтық, бейтаныс адамдармен байланыс, жеке деректерді қорғау, сондай-ақ жасөспірімдер арасында жиі кездесетін құқықтық мәселелер бойынша нақты мысалдар келтіріліп, оқушылардың сұрақтарына жауап берілді.

Шараның негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және заңға қайшы әрекеттердің алдын алу.