«Заң және тәртіп» аясында түсіндіру жұмыстары өтті
Абай облысы Білім басқармасының «Семей қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен және қала прокуратурасының бастамасымен 2025 жылғы 08 қаңтар күні Семей қаласындағы 17 жалпы білім беретін мектепте құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара «Заң және тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында өткізіліп, оның басты мақсаты — жасөспірімдер арасында құқықтық сананы қалыптастыру, заңды құрметтеу, азаматтық-құқықтық жауапкершілікті арттыру және құқық бұзушылықтардың алдын алу.
Кездесулерге қала прокуратурасының қызметкерлері қатысып, буллинг, суицид, жыныстық қылмыстар, есірткі қылмыстары, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу тақырыптарында дәрістер өткізді. Оқушыларға заң талаптары, жауапкершілік түрлері және қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары түсіндірілді.
Аталған іс-шараларға 8–11 сынып оқушылары қамтылып, жасөспірімдерге өз құқықтары мен міндеттері туралы жан-жақты ақпарат берілді.
Мұндай профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да білім беру ұйымдарында жүйелі түрде жалғасын табатын болады.![]()

