«Таза мектеп – таза аймақ»: гүлдер мен жасыл желектерге күтім жасау күні » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » «Таза мектеп – таза аймақ»: гүлдер мен жасыл желектерге күтім жасау күні
14
сентябрь
2026

«Таза мектеп – таза аймақ»: гүлдер мен жасыл желектерге күтім жасау күні


«Таза мектеп – таза аймақ» экологиялық бастамасы аясында мектебімізде гүлдер мен жасыл желектерге күтім жасау күні ұйымдастырылды.

Іс-шараға мектептің эко-белсенділері белсене қатысып, мектеп ауласындағы гүлдер мен жасыл желектерді күтіп-баптау жұмыстарын жүргізді. Оқушылар гүлзарларды ретке келтіріп, өсімдіктерді суарып, айналасын тазалап, мектеп аумағының көркеюіне өз үлестерін қосты.

Шараның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу, қоршаған ортаны таза әрі көрікті ұстауға баулу.

Осындай игі бастамалар арқылы оқушылар табиғатты қорғау тек сөзбен емес, күнделікті нақты әрекеттен басталатынын көрсетуде.

Таза мектеп – таза аймақ!
Табиғатты аялау – баршамызға ортақ міндет!