04
апрель
2026
🌿 «Таза Қазақстан» – ортақ міндет: №17 мектеп ұжымы экологиялық акцияға белсене қатысты
«Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамыту тұжырымдамасы аясында ұйымдастырылған «Мөлдір бұлақ» және «Таза мектеп ауласы» акцияларына №17 мектеп ұжымы белсене қатысып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты.
Аталған шаралардың басты мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа деген жанашырлықты арттыру және жас ұрпақты тазалыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу болып табылады.
Акция барысында мектеп ауласы мен оның айналасы тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Ұжым мүшелері бірлесе еңбек етіп, табиғатты аялаудың маңызды екенін іс жүзінде көрсетті.
Осындай игі бастамалар алдағы уақытта да өз жалғасын тауып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде жүргізіле бермек 🌱

