«Ғасырлардың ақиық ақыны» атты әдеби кеш өтті
2026 жылғы 09 ақпанда қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай 6 «Ә» сыныбында «Адал азамат» құндылығын оқу-тәрбие үдерісіне кіріктіру негізінде «Ғасырлардың ақиық ақыны» атты әдеби кеш өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын таныта отырып, олардың бойына адамгершілік, адалдық, отансүйгіштік құндылықтарын сіңіру. Әдеби кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқып, өмір жолы туралы мағлұматтармен бөлісті, шығармаларынан үзінділер сахналады.
Кеш «Адал азамат» құндылығына негізделе отырып, оқушылардың рухани-адамгершілік дамуына, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталды. Шараға қатысқан оқушылар ақын мұрасын тереңірек танып, ұлттық құндылықтарды құрметтеудің маңызын ұғынды.
Аталған әдеби кеш оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға және қазақ әдебиетіне деген сүйіспеншілігін арттыруға өз үлесін қосты.
#Мұқағали_Мақатаев_95жыл
#Абай_облысы
#Семей

