4 «А» сыныбында суды үнемдеу тақырыбында тәрбие сағаты өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » 4 «А» сыныбында суды үнемдеу тақырыбында тәрбие сағаты өтті
30
март
2026

4 «А» сыныбында суды үнемдеу тақырыбында тәрбие сағаты өтті

Мектебіміздің 4 «А» сыныбында «Суды үнемдеу – өмірді сақтау» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – оқушыларға судың адам өміріндегі маңызын түсіндіру, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Тәрбие сағаты барысында сынып жетекшісі оқушыларға судың тіршілік үшін аса қажетті ресурс екенін айтып, оны үнемдеудің жолдары туралы мәлімет берді. Оқушылар түрлі тапсырмалар орындап, сұрақ-жауап арқылы өз ойларымен бөлісті. Сонымен қатар, күнделікті өмірде суды қалай үнемдеуге болатыны жөнінде пайдалы кеңестер айтылды.

Шара барысында балалар белсенділік танытып, табиғатты қорғауға деген жауапкершіліктерін көрсетті. Олар «Суды босқа ағызбау», «Тісті жуарда суды өшіру», «Ақауы бар крандарды жөндеу» сияқты қарапайым әрекеттердің маңызын түсінді.

Тәрбие сағатының соңында оқушылар суды үнемдеуге байланысты өз уәделерін айтып, табиғатты аялауға шақырды. Осындай тәрбиелік мәні зор шаралар оқушылардың экологиялық санасын арттыруға ықпал етеді.