1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай тәрбие сағаты өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай тәрбие сағаты өтті
30
апрель
2026

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай тәрбие сағаты өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай 7 «Ә» сыныбында «Бірлік – біздің күшіміз» тақырыбында тәрбие сағаты ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға еліміздегі ұлттар мен ұлыстар арасындағы достық пен татулықтың маңызын түсіндіру, бірлік пен келісімді дәріптеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар Қазақстанда тұратын түрлі этностардың мәдениеті, салт-дәстүрлері туралы мәліметтермен танысты.

Сабақ барысында оқушылар тақпақтар оқып, өз ойларымен бөлісіп, бірлік туралы мақал-мәтелдер айтып, қызықты сұрақ-жауап бөліміне қатысты. Сонымен қатар, «Достық шеңбері» атты шағын тренинг ұйымдастырылып, оқушылар бір-біріне жылы лебіздерін білдірді.

Тәрбие сағаты өте әсерлі өтіп, оқушылардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, достық пен бірліктің қадірін терең түсінуге ықпал етті.