«Интернет және діни ағымдар: балаға қауіп бар ма?» тақырыбындағы ата-аналар жиналысы өтті
17 мектепте оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ата-аналардың ақпараттық сауаттылығын арттыру мақсатында «Интернет және діни ағымдар: балаға қауіп бар ма?» тақырыбында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Жиналыс барысында интернет кеңістігінде кездесетін қауіптер, әлеуметтік желілер арқылы таралатын күмәнді ақпараттар және жасөспірімдердің психологиялық және идеологиялық әсерлерге бейімділігі туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар ата-аналарға балалардың интернетті қауіпсіз пайдалану жолдары, олардың онлайн ортадағы белсенділігін бақылау және алдын алу шаралары жөнінде ұсыныстар берілді.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға мамандар нақты жауап берді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың қауіпсіз ақпараттық ортасын қалыптастыруға және ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған.



