№17 мектеп асханасының ұжымына алғыс хат табысталды
Жаңа жыл қарсаңында №17 жалпы орта білім беретін мектеп директоры Райгуль Ешенгазиновна мектеп асханасының үздіксіз әрі сапалы жұмысын қамтамасыз етіп отырған ЖК Каленова және асхана ұжымына алғыс хат табыстады.
2025 жыл қорытындысы бойынша жүргізілген тексеріс пен мониторинг нәтижесінде мектеп асханасының қызметі белгіленген санитарлық-гигиеналық және ұйымдастырушылық талаптарға толық сәйкес келетіні анықталып, оң бағаланды.
Мектеп әкімшілігі асхана ұжымының жауапкершілігі мен кәсіби еңбегін ерекше атап өтіп, бұл нәтижені ұжымның бірлескен, жүйелі жұмысының жемісі ретінде бағалады.
Іс-шара барысында асхана қызметкерлеріне Жаңа жыл мерекесі қарсаңында жылы лебіздер айтылып, денсаулық, отбасы амандығы мен алдағы еңбектеріне табыс тілектер білдірілді.
№17 мектеп директоры Р.Е. Жумаканова алдағы уақытта да мектеп асханасы ұжымымен нәтижелі ынтымақтастық жалғасатынына сенім білдірді.

