24
декабрь
2025
Қонаев қаласындағы «Балдаурен» орталығында демалыс
№17 орта мектептің 9 «Ә» сынып оқушысы Гайсин Алмас 2025 жылғы 5–24 желтоқсан аралығында Қонаев қаласында орналасқан «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында демалып қайтты.
Демалыс барысында оқушы түрлі танымдық, тәрбиелік және спорттық іс-шараларға қатысып, жаңа достар тапты. «Балдаурен» орталығында ұйымдастырылған бағдарлама оқушының жан-жақты дамуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және денсаулығын нығайтуына оң әсерін тигізді.
Алмас үшін бұл демалыс ерекше әсерлі болды. Ол лагерьдің бағдарламасы мен атмосферасы өзіне қатты ұнағанын айтып, алған әсерімен қуана бөлісті.

