02
февраль
2026
«Easy English»
«Easy English» ағылшын тілі үйірмесі аясында «Domestic Animals» (Үй жануарлары) тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларға ағылшын тілінде үй жануарларының атауларын үйрету және «There is… / There are…» грамматикалық құрылымдарын қолдана отырып сөйлем құрастыруға дағдыландыру.
Сабақ барысында оқушылар cat, dog, cow, sheep, horse сияқты үй жануарларының атауларымен танысып, оларды дұрыс айтуға және есте сақтауға арналған ойындар мен тапсырмалар орындады. Сонымен қатар «There is… / There are…» құрылымдарын пайдаланып, қарапайым сөйлемдер құрастыруды үйренді.

