18
февраль
2026
«Easy English
«Easy English» ағылшын тілі үйірмесі аясында «Numerals» (Сандар) тақырыбында сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – оқушыларды ағылшын тіліндегі сандармен таныстыру және «How many?» сұрағын қолдана отырып, заттардың санын анықтауға үйрету.
Сабақ барысында оқушылар one, two, three, four, five және басқа да сандарды дұрыс айтуға үйренді. Сонымен қатар «How many?» сұрағын пайдаланып, заттардың санын сұрау және жауап беру дағдыларын қалыптастырды. Ойын элементтері мен практикалық тапсырмалар арқылы оқушылар жаңа сөздерді тез меңгеріп, сабаққа белсенді қатысты.

