5 «Ә» сыныбымен тренинг өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

21
январь
2026

5 «Ә» сыныбымен тренинг өтті

21-ші қаңтар күні 5 «Ә» сыныбына мектеп психологі Э.Н.Базарованың жетекшілігімен және «Шәкәрім университеті» педагогика және психология мамандығының 3 курс машықкері Сайлау Елдос «Достық шеңбері» тақырыбында тренинг өткізді. 

Тренингтің мақсаты:
 – Оқушыларды бір-бірімен жақынырақ таныстыру;
 – Топтық қарым-қатынас пен ынтымақтастықты дамыту;
 – Көңіл-күйді көтеріп, жағымды эмоциялық орта қалыптастыру.

Тренинг 40 минутқа жоспарланып, үш кезең бойынша өтті. Кіріспе бөлімде оқушылар шеңберге тұрып, бір-бірімен танысып, қысқа сергіту жаттығуларын орындады. 

Негізгі бөлімде «Жылы сөздер шеңбері», «Қызықты сұрақтар», «Кім жылдам?» ойындары ойнатылды. Бұл ойындар арқылы балалар өзара еркін қарым-қатынас жасап, бір-бірін жақынырақ тани түсті, жылдамдық пен топтық үйлесімділікке дағдыланды. 

Қорытынды бөлімде «Менің көңіл-күйім» жаттығуы жүргізіліп, оқушылар тренингтен алған әсерлерімен бөлісті. Соңында барлық қатысушыларға алғыс айтылып, көтеріңкі көңіл-күймен қоштасты.

         Машықкерге жетекші тарапынан қолдау көрсетіліп, жұмыс барысында кеткен қателіктерді түзетуге бағыт-бағдар берілді. Іс-шара оқушылар үшін қызықты әрі пайдалы өтті.