11 «Ә» сыныбымен тренинг өтті
2026 жылдың 21-ші қаңтар күні мектеп психологі Э.Н.Базарованың жетекшілігімен және «Шәкәрім университеті» педагогика және психология кафедрасының 3 курс машықкері Сайлау Елдос 11 «Ә» сыныбына «Өмірлік мақсат, мамандық таңдау және емтихан алдындағы сенімділік» тақырыбында тренинг жұмыстарын жүргізді. Тренинг жоғары деңгейде ұйымдастырылып балалардың алдыға мақсат қойып оған жетуге ықпал тигізуге көмек берді.
Мақсаты: Оқушылардың өз-өзін тануына көмектесу, болашақ мамандықты саналы таңдауға бағыт беру, ҰБТ/емтихан алдындағы психологиялық дайындықты күшейту.
Іс-шара барысында оқушылар өзін-өзі тану жаттығуларын орындап, болашақ мамандыққа және өмірлік мақсаттарға байланысты ойларын білдірді. Сонымен қатар, емтихан алдындағы қорқыныштарын жазып, оларды жеңу жолдарын талқылады, қысқа тыныс алу жаттығуларымен сенімділіктерін арттырды. Соңында алған тәжірибелерімен бөлісіп, қорытынды ойларын білдірді.
Машықкерге жетекші тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіліп, жұмыс барысында кездескен кейбір қателіктерді түзету және жаттығуларды дұрыс ұйымдастыру бойынша бағыт-бағдар берілді.

