3 «Б» сынып ата-аналарымен психологиялық тренинг өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » 3 «Б» сынып ата-аналарымен психологиялық тренинг өтті
22
январь
2026

3 «Б» сынып ата-аналарымен психологиялық тренинг өтті

2026 жылдың 22 қаңтар күні 3 «Б» сынып оқушыларының ата-аналарымен өткен ата-аналар жиналысы аясында психологиялық бағыттағы «Байқампаздық» әдісі өткізілді.

Аталған жаттығудың негізгі мақсаты – ата-аналардың бала тәрбиесіндегі зейінін, ұқыптылығын және күнделікті қарым-қатынастағы байқампаздық деңгейін анықтау, сондай-ақ ата-ана мен бала арасындағы эмоционалдық байланыстың маңызын сезіндіру болды.

Жаттығу барысы:
 Ата-аналар жұптасып, бір-біріне арқаларын түйістіріп отырды. Жүргізуші тарапынан қойылған сұрақтар арқылы қатысушылар бір-бірінің сыртқы келбетін, ұсақ детальдарын қаншалықты байқай алатынын анықтады. Мысалы: киімінің түсі, таққан сырғасы, сыртқы бейнесіндегі ерекшеліктері туралы сұрақтар қойылды.

Жаттығу нәтижесінде ата-аналар байқампаздықтың тек сыртқы бейнеге ғана емес, баланың ішкі күйін, көңіл-күйін, сезімін дер кезінде аңғару да аса маңызды екенін түсінді. Іс-шара ата-аналарға өз баласына деген назарын арттыруға, күнделікті қарым-қатынаста ұсақ-түйекке мән берудің тәрбиелік маңызын ұғындыруға ықпал етті. 

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

          Сынып жетекші Ахатова З.С.