«Барлығы отбасынан басталады» атты семинар-тренинг өтті. » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » «Барлығы отбасынан басталады» атты семинар-тренинг өтті.
18
февраль
2026

«Барлығы отбасынан басталады» атты семинар-тренинг өтті.

18 ақпан күні Конституциялық реформаны ілгерілету жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында мектебімізде оқушылардың ата-аналарына арналған «Барлығы отбасынан басталады» атты семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі отбасының рөлін күшейту, ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты арттыру, сондай-ақ конституциялық құндылықтар негізінде жауапты әрі саналы тұлға қалыптастыру мәселелерін талқылау болды.
Семинар-тренингті мектеп педагог-психологтері және тарих пәні мұғалімі бірлесіп өткізді. Кездесу барысында:
  • отбасы тәрбиесінің бала тұлғасының қалыптасуына ықпалы;
  • құқықтық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті дамыту;
  • ата-ана мен бала арасындағы тиімді қарым-қатынас орнату жолдары;
  • заманауи қоғамдағы отбасы құндылықтарының маңызы
     кеңінен қарастырылды.
Іс-шара барысында ата-аналар белсенділік танытып, пікір алмасып, тәжірибелік жаттығуларға қатысты. Семинар интерактивті форматта өтіп, қатысушыларға тәрбиенің өзекті мәселелері бойынша пайдалы ақпараттар мен практикалық ұсыныстар берілді.
Мектеп пен отбасының өзара ынтымақтастығы – бала тәрбиесіндегі табыстың негізгі кепілі. Осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.