Шәкәрім университетінің студенттері облыстық олимпиадада жүлделі ІІ орынды иеленді » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Шәкәрім университетінің студенттері облыстық олимпиадада жүлделі ІІ орынды иеленді
05
май
2026

Шәкәрім университетінің студенттері облыстық олимпиадада жүлделі ІІ орынды иеленді

Шәкәрім университеті мен Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ бірлесе ұйымдастыруымен өткен ауқымды іс-шара өз мәресіне жетті.

Ғылым докторы, профессор, көрнекті педагог әрі ғалым Әсемгүл Александровна Молдажанованың атындағы «Серіктестік психологиясы: педагог-психолог және оқушы» атты ІІ облыстық педагог-психологтар олимпиадасында білім мен кәсіби шеберліктерін ұштастырған жас мамандар бақ сынасты.

Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары дайындық пен кәсіби біліктілік танытқан Масанова Инна Борисовна және Мусина Дильназ жүлделі ІІ ОРЫН иегерлері атанды.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне «Шәкәрім университеті» КЕАҚ Басқарма төрағасы – Ректор Д. Орынбеков және Абай облысы білім басқармасының «Өңірлік психологиялық қолдау әдістемелік орталығы» КММ директоры И. Тагиева қатысып, дипломдарды салтанатты түрде табыс етті.

Бұл жетістік – университетіміздің білім сапасы мен болашақ педагог-психологтарды даярлаудағы жоғары деңгейінің айқын дәлелі. Жеңімпаздарды жарқын жеңістерімен құттықтаймыз және алдағы кәсіби жолдарында сәттілік тілейміз!