Әлеуметтік серіктестік нәтижесі: Семейде мамандар еңбегі жоғары бағаланды » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » Әлеуметтік серіктестік нәтижесі: Семейде мамандар еңбегі жоғары бағаланды
16
апрель
2026

Әлеуметтік серіктестік нәтижесі: Семейде мамандар еңбегі жоғары бағаланды

Семей қаласында әлеуметтік маңызы зор бағыт – отбасылық және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және зардап шеккен азаматтарға қолдау көрсету жұмыстары аясында білім беру саласының өкілі Жумаканова Райгуль Ешенгазиновна алғыс хатпен марапатталды.
Алғыс хат «Абай облысы Семей қаласының отбасын және тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қолдау көрсету орталығы» КММ тарапынан табысталып, маманның кәсіби шеберлігі мен қоғамдағы маңызды мәселелерді шешуге қосқан үлесі ерекше атап өтілді.
Бұл жетістік – бір ғана маманның емес, білім беру ұйымындағы тұтас команданың жүйелі әрі нәтижелі жұмысының көрінісі. Атап айтқанда, директордың үйлестіруі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының ұйымдастырушылық қолдауы, педагог-психолог пен әлеуметтік педагогтың кәсіби сүйемелдеуі – барлығы біріге отырып, тиімді әлеуметтік серіктестік моделін қалыптастырды.
Бірлескен жұмыстың нәтижесінде қиын өмірлік жағдайға тап болған отбасыларға кешенді көмек көрсетіліп, олардың әлеуметтік бейімделуіне нақты қолдау жасалды. Мұндай ықпалдастық білім беру ұйымдары мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты нығайтып, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде маңызды рөл атқарады.
Алдағы уақытта да аталған бағыттағы жұмыстар жалғасып, әлеуметтік серіктестікті дамыту арқылы азаматтарға қолдау көрсету шаралары күшейтіле бермек.