05
октябрь
2026
МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУҒА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!
🗳️ МЕКТЕП ПРЕЗИДЕНТІН САЙЛАУҒА ҮМІТКЕРЛЕРДІ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ!
Мектебімізде оқушылардың өзін-өзі басқаруын дамыту, көшбасшылық қабілеттерін арттыру және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында Мектеп Президентін сайлау ұйымдастырылуда.
📢 Құрметті 8–10 сынып оқушылары!
Мектеп Президенті болуға өз кандидатураңызды ұсынып, мектеп өміріне өз үлесіңізді қосуға шақырамыз!
🌟 Үміткерге қойылатын негізгі талаптар:
🔹 8–10 сынып оқушысы болуы;
🔹 оқу үлгерімінің жақсы болуы;
🔹 мектеп өміріне белсенді қатысуы;
🔹 қоғамдық және көшбасшылық қабілетінің болуы;
🔹 жауапты әрі тәртіпті болуы.
📋 Үміткерлерден қабылданатын материалдар:
🎥 1 минуттық бейнеролик – өзін таныстыру, мақсаты мен даму бағдарламасын ұсыну;
📄 1 беттік жарнамалық постер – үміткер туралы ақпарат пен сайлауалды бағдарламасы.
📅 Құжаттарды қабылдау: 5–9 қазан
🗳️ Сайлау күні: 16 қазан
Әрбір оқушының дауысы – мектеп болашағына қосқан үлесі!
Болашақты бірге құрайық! 🇰🇿💙

