17
февраль
2026
«Заң және тәртіп» аясында құқықтық сауаттылықты арттыру шарасы өтті
Бүгін 9–11 сынып оқушылары үшін құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында арнайы қысқа метражды фильмдер көрсетілді. Шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, заң нормаларын түсіндіру және құқық бұзушылыққа қарсы сананы қалыптастыру.
Фильмдер оқушыларға нақты өмірлік жағдайлар арқылы заңға бағынудың, азаматтық жауапкершіліктің және құқықтық тәртіптің маңыздылығын көрсетуге бағытталған. Көрсетілімнен кейін оқушылар фильмдегі жағдайларды талқылап, өз пікірлерін білдірді.
Мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық білімін арттырып қана қоймай, олардың қоғамдық өмірде дұрыс шешім қабылдауына да үлес қосады.![]()

