04
май
2026
Жас талант Абай мұрасын дәріптеуде үздік шықты
Жас талант Абай мұрасын дәріптеуде үздік шықты
Астана қаласы, 2026 жыл — Елордада қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармаларын кеңінен насихаттау мақсатында өткен республикалық «Абай оқулары» конкурсының қорытындысы жарияланды.
«Білім айнасы» республикалық ғылыми-танымдық басылымының редакциясы ұйымдастырған бұл байқауда Қаирбек Айсұлу ерекше өнер көрсетіп, І ОРЫНДЫ иеленді. Ол Абай шығармашылығына деген терең сүйіспеншілігі мен білімін паш етіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Жеңімпазды дайындауда оның жетекшісі Байтуганова Айнұр Адильбековнаның еңбегі зор. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай конкурстар жас ұрпақтың рухани дамуына және ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне зор ықпал етеді.![]()
![]()

