"Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен мен басымдықтары" атты алғашқы педагогикалық кеңес өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » "Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен мен басымдықтары" атты алғашқы педагогикалық кеңес өтті
27
август
2025

"Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен мен басымдықтары" атты алғашқы педагогикалық кеңес өтті



     
           

        27 тамыз күні «№17 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де жаңа оқу жылына  "Білім беру ұйымының 2025-2026 оқу жылындағы білім беру саясаты мен мен басымдықтары" атты алғашқы педагогикалық кеңес өтті. Мақсаты: мемлекеттік білім беру саясатын іске асыруда бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету, 2025-2026 оқу жылына педагогикалық ұжым қызметінің негізгі міндеттерін анықтау.                                        Педагогикалық кеңесте Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы 2025-2026 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хаттың мазмұны, негізгі бағыттары,   «Адал азамат» бағдарламасын жүзеге асыру және академиялық адалдық қағидалары, білім беру жүйесіне ЖИ енгізу тұжырымдамасы,  қауіпсіз білім беру ортасын қамтамасыз ету,   «Мектеп – ата-ана – қоғам» қағидаты негізінде ата-аналар комитетінің жаңа құрылымы енгізу бойынша таныстырылды.                                                                                                                                       Күн тәртібіндегі мәселелер:
1. Жаңа оқу жылында білім беру ұйымы жұмысының басым бағыттары туралы
2. Жылдық жұмыс жоспарын бекіту туралы 
3. «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының мәселелері, білім беру ұйымдарында академиялық адалдықты сақтау қағидалары мен мектептің ішкі тәртіп ережесінің сақталуы.
4. Мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі туралы                                                                       Кеңестің соңында алдағы оқу жылына нақты мақсат, міндеттер белгіленіп, күн тәртібіндегі мәселелер бекітілді.