07
февраль
2025
Мектебімізде Отбасы мен мектеп ынтымақтастығын нығайтуға арналған семинар-тренинг өтті




«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен мектебімізде "Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы: аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балаларды оқыту мен қолдаудың тиімді тәсілдері" тақырыбында ата аналар мен педагогтерге арналған семинар тренинг өткізілді. Семинардың мақсаты аутистік спектрдегі бұзылыстары бар балалар оқыту мен қолдаудың тиімді тәсілдерін талқылау, тәжірибе алмасу, сондай ақ ата аналар мен педагогтардың кәсіби құзіреттілігін арттыру.