Пәні: Дүниетану Ортақ тақырып:Тағам және сусын








































Пәні: Дүниетану Ортақ тақырып:Тағам және сусын Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Мен және қоғам Сынып: 1 «Б» | Мектеп: №17 жалпы орта білім беретін мектеп Мұғалімнің аты-жөні: ЖұмабековаА.Б Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||
Сабақ тақырыбы: | Тағам және сусындар Біз қалай тамақтанамыз? | ||
Оқу мақсаты | 1.1.4.2 тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсіндіру | ||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар:тамақтану режимінің қажеттілігін біледі және оның пайдасын түсінеді. Көптеген оқушылар:тағам мен сусындардың пайдасын түсіне отырып, пайдалы және зиянды сусындар мен тағамдарды ажыратады. Кейбір оқушылар:Тамақтану режимінің маңыздылығынасүйеніп, өздерінің тамақтану режимін құрады, дұрыс тамақтану мен дұрыс тамақтанбаудың адам денсаулығына пайдасы мен зиянын зерттеп, дәлелдейді | ||
Бағалау критерийлері | тамақтану режимін сақтаудың қажеттілігін түсінеді | ||
Тілдік мақсаттар: | Оқушылар орындай алады:тағамдардың түрлерін айтады, олардың адам өміріндегі маңыздылығын біледі. Пәнге тән лексика мен терминология: Сусын – екі топқа бөлінеді салқындатқыш, сусынды қандырғыш. Екеуінің құндылығы бірдей емес. Сонымен қатар сусындар суытылған және мұздатылған түрде болады, Тағам- адамға күнделікті өміріне қажетті зат. Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: - Адамдар неге тамақтанады? - Қандай сусын түрлерін білесіңдер? - Қандай пайдалы,шипалы сусындарды білесіңдер ? - Тамақтану режимінің қажеті бар ма? - Денсаулыққа зиян кандай тағамдарды білесің? - Күнделікті дұрыс тамақтанасың ба? | ||
Құндылықтарды дарыту | «Мәңгілік ел» жалпы ұлттық идеясындағы құндылықтарды ескере отырып, оқушыларға тапсырманы орындау барысында шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды нығайту. Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің зайырлы сипаты денсаулық және мәдениеттің ұлттықжүйесін табысты дамытудың ең маңызды шартын оқушыларға түсіндіру. Тамақтану режимін сақтаудыңқажеттілігін оқушының санасына сіңіру. | ||
Пән аралық байланыс | Сауат ашу, математика | ||
АКТ қолдану дағдылары | Алма, чипсы, кока-кола жайлы видеоролик көрсету | ||
Бастапқы білім | Тамақтану режимін сақтаудың пайдасын біледі, тағамдар мен сусындар туралы жалпы түсініктері бар | ||
Сабақ барысы | |||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
Сабақтың басы 2 мин 2-мин | Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылардың қызығушылығын тудыру. Күлімдеп күн бүгін, Қарады маған да Күлімдеп күн бүгін Қарады саған да Сәлем деймін достарға! Сәлем барша ұстазға! Ширату. «Кім жылдам?» Оқушылардың ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында сабақ жұмбақ шешуден басталады. Оны күткен адамдар Ұзақ өмір сүреді Қадірін білген жарандар Байлық осы деседі? (денсаулық) 1)Денсаулық керек па? 2)Адамдар жақсы өмір сүру үшін не істеуі керек? 1.Үсті тас, асты тас, Ортасында піскен ас. (таба нан) 2.Әрі сусын, әрі дәрі, Емге ішеді жас пен кәрі. Малдың сүті, елдің құты, Деп бағалар жұрттың бәрі. (қымыз) 3. Түсi аппақ, 4.Шиге жайып кептірген, Өзі қышқыл,түсі ақ, Сорсаң дәмді, түсі ақ, Жаңғақтай-ақ домалақ (Құрт) Біздің шешкен жұмбақтарымыздың жауабы неге байланысты? Бүгінгі сабағымыз не жайлы болады деп ойлайсыңдар? Сұрақ арқылы жаңа тақырыпқа болжам жасау. ҚБ:ШАПАЛАҚ Топқа бөлу. 1 топ: Жемістер 2 топ: Сусындар 3 топ: Тағамдар Енді балалар мына жерден өздеріңе ұнаған тағам мен сусын түрлерін таңдап алыңдар. Оқушылар суреттерді таңдап әр топ өз орнына отырады. ТАҒАМ-ЕДА-FOOD СУСЫН-НАПИТОК-DRINK | Суреттер Қима суреттер | |
Сабақтың ортасы 7 мин 5 мин 2 мин 8 мин 12 мин | Ой қозғау жаттығу. (Ұ) «Айтарым бар» әдісі 1-тапсырма Сабақтың мақсатын жариялау үшін, оқушылардың ойын қозғауға бағытталған ойынын ойнатылады.Әр топтан бір оқушыдан шығады. Олардың көздерін байлап, дорбадағы затты қолмен ұстап сипау арқылы не екенін табу қажет. Алып шыққан жемісі, көкөнісі туралы білгендерін айтып беру. Ұ: -Бұл жемістер, көкөністер неліктен пайдалы деп ойлайсыңдар? О: -Жеміс- жидектер мен көкөністерде денсаулыққа пайдалы дәрумендер бар, сондықтан оларды көп жеу керек.Олар біздің бойларымыздың өсуіне, ағзаларымыздың дұрыс дамуына және көздің көруінің жақсаруына көмектеседі.Оқушылар бірлесіп сабақ тақырыбын табады. ҚБ:ОТ ШАШУ «Тамақтану:дұрыс ас ішу тәртібі» бейнежазба көрсетіледі. Есіңе сақта! 1)Денсаулықтың негізі дұрыс тамақтану 2)Қолыңды сабындап жу Қисаймай, түзу отыр 3)Қасықты оң қолыңмен қста 4)Тамақ ішіп отырып күлме, кітап, газет оқыма 5)Шамадан тыс тойып ішпе 6)Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу 7)Тамақты сораптамай іш 8)Тамақ ішіп отырғанда көп сөйлеме 9)Ізеттілік сөздерін айтуды ұмытпа 2-тапсырма. «Заттарды ажырат» ДЖИГСО әдісі (Т) Суреттер араластырылып беріледі. Ітоп: Пайдалы тағамдарды жапсыру.Зиянды тағамдарды жапсыру ІІ топ:Дұрыс тамақтанудың кестесі 1)Күніне 3-4 рет тамақтану қажет 2)Тамақтану кезде қатты сөйлеме 3)Ұйықтар алдында тойып тамақ ішпе 4)Тамақ ішіп болған соң «рақмет » айт 5)Тамақ ішер алдында қолыңды жу Кестеге жатпайды 1)Ұйықтар алдында тойып тамақ ішпе 2)Тамақты шайнамай жұт 3)Тамақтың алдында тәттілер же ІІІ топ: Пайдалы сусындар, сүт өнімі, ет өнімі, нан өнімі Дескриптор: -пайдалы тағамдарды атайды, жапсырады; -зиянды тағамдарды атайды, жапсырады; -пайдалы сусындарды атайды, жапсырады; ҚБ: «Бағдаршам» (Ұ) «Қал қалай? Осылай!» әдісі. Əр сұраққабалалар хормен «Осылай!» деп жауап береді де, қолмен дұрыс бағытты көрсетеді (əрекет). Қал қалай? – Осылай! (Бас бармағын көтереді). Жүріс қалай? – Осылай! (Алақанда екі саусақпен «адымдайды»). Жүгіріс ше? Осылай! (Қолдарын шынтағынан бүгіп, жүгіргендегідей етіп қозғалтады). Түнгі ұйқы? Осылай! (Қолдарынбетінің астына салып, бастарын түсіреді). Аласың ба? Осылай! (Қолдарымен қармайтын əрекеттер жасайды). Бергенде ше? Осылай! (Қолдарымен бір затты беріп тұрғандай қозғалтады). Ойын қалай? Осылай! (Езулерін ауаға толтыры, оларды алақандарымен ұрады). Ұрысқанда? – Осылай! (Саусағымен көршісін қорқытады). Тамаққа тойғанда калай? Осылай! (Қолдарымен іштерін сипайды) Тойып тамақтану денсаулыққа пайдалы ма екен, қалай ойлайсыңдар? 3-тапсырма «Бинго» ойыны.Балалар қазір бинго ойнатылады. Сіздерге билет таратылады. Бингода қай сан келеді,сол оқушы жауап береді. 1) Дұрыс тамақтанбаған жағдайда адамдар қандай ауруларға шалдығады; 2) Балалар жүгіріп келе жатып қатты шөлдеді. Қай сусынды ішер еді деп ойлайсың?Неліктен? 3) Таңғы аста қай тамақты жер едің?Неліктен? 4) Дұрыс тамақтанудың қандай ережелері бар? 5 5)(М) Қандай мал өнімдерін білетін болдық? (О) ет, сүт ( 6) қандай өсімдік өнімдерін айта аламыз? (О) жемістер , көкөністер 7) Ежелгі және қазіргі адамдардың тамақтануындағы ұқсастықты ата? 8)Ежелгі және қазіргі адамдардың тамақтануындағы айырмашылықты ата? 9)Тамақтану режимін сақтау деген не? 10)Зиянды тағамдарды ата? 11)Пайдалы тағамдарды ата? 12)Адамның дұрыс өсіп, дамуы үшін не істеуіміз керек? | Дорба, алма, сәбіз, банан, қызылша. Бейнежазба А3 парағы, маркерлер Музыка қосылады Бинго ойыны | |
Сабақтың соңы 3мин | ҚБ:БАС БАРМАҚ Оқушылар «Еркін микрофон» тәсілі бойынша сабаққа кері байланысты ауызша жүреді. 1. Еліміздің шығысында қант өндіреді. 2. Қызылорда – күріштің Отаны. Жетістік баспалдағы. Оқушылар жетістік баспалдағының қай сатысында тұрғанын айтады. | ||
Саралау- оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырасыз? | Бағалау - оқушылардың материалдың меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? Қб «Шапалақ» ҚБ «Отшашу» Қб «Бағдаршам» Қб «Бас бармақ» Обратная связь «Жетістік сатысы» | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. Сергіту сәті кезіндегі қауіпсіздік ережелерді сақтау. АКТқолданғанда техникалық кауіпсіздік ережелерін сақтау. Зерттеу барысында пышақпен абай болу керек екенін ескерту. | |
Барлық оқушылар: Барлық оқушыға «Айтарым бар» әдісі арқылы тапсырма беріледі,тапсырманы орындау барысында кейбірі жан-жақты әрі нақты көмек қажет етеді. Көптеген оқушылар: «Джигсо» әдісімен тапсырманы берген себебім оқушылар тапсырма тәсілмен және қарқынмен жазып шығады. Кейбір оқушылар: «Бинго» және зерттеу тапсырмасын тапсырма әдісімен дереккөздер тәсілі арқылы беріп отырмын. | |||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезендері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | ||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі(оқыту турулу да оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік / қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |