«Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы» » КГУ СОШ № 17
Коммунальное государственное учреждение
Средняя общеобразовательная школа №17
"отдела образования города Семей"
управления образования области Абай
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Бухгалтерия
+7(7222) 42-45-42
Версия для
слабовидящих

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

12
февраль
2024

«Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы»

№17 жалпы білім беретін орта мектебінде 2024 жылдың 19 қаңтарында  «Ата-аналарды педагогикалық қолдау» бағдарламасының жоспарына сәйкес 9-11-сынып ата-аналары арасында «Құмарлыққа бой алдыру-тәуелділік құрдымы» атты сабақ өтті.
Ата-аналарды қолдау мектебінің жетекшілері Баймуратова Р. Х. мен Манабова А. К. тәуелділік түрлері, жоғары сынып оқушыларындағы тәуелділіктің белгілері, тәуелділіктің алдын алудағы отбасы мен мектептің өзара әрекеттесуі туралы дәріс оқып, түсініктеме жұмысын жүргізді.
«Шындықтан қашу» тақырыбындағы  бейнероликтен тәуелділіктің түрлері, олардың белгілері, тәуелділіктің қалыптасуының кезеңдері туралы кең мағлұматтар беріліп, пікір алмасу өтті.
 Ата-аналардың өздерін ойландыратын сұрақтарына мектеп психологтары Масанова И.Б. менбазарова Э.Н. жауап беріп, «Тәуелділік» сауалнамасын алды. Сауалнама нәтижесін үйге барғанда баласымен талқылап, нәтижесіне талдау жасау ұсынылды.
#Біртұтас_тәрбие_Абай_облысы_Семей
#АПҚО_Абай_облысы_Семей