14
май
2025
«Үздік әлеуметтік педагог – 2025» байқауы

Әлеуметтік педагогтердің кәсіби деңгейін жоғарылату, шығармашылық әлеуетін дамыту және олардың қоғамдағы әлеуметтік мәртебесін арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Үздік әлеуметтік педагог – 2025» байқауының қалалық кезеңі жоғары деңгейде өтті.
Аталған байқауда мектебіміздің әлеуметтік педагогы Базарова Назым Серғазықызы үздік білімі мен біліктілігін, кәсіби шеберлігін көрсетіп, жүлделі II орынға ие болды! Бұл – оның тынымсыз еңбегі мен оқушылармен жүргізіп жатқан жүйелі жұмысының, ізденісі мен шығармашылығының жемісі.
Назым Серғазықызы байқау барысында өз кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, оқушылардың әлеуметтік-психологиялық жағдайын жақсарту жолындағы тың жобаларын сәтті қорғады. Оның заманауи әдіс-тәсілдерді қолданудағы шеберлігі, әр балаға жеке көзқараспен қарау қағидаты – әділқазылар алқасы тарапынан жоғары бағаланды.