№17 мектеп командасы облыстық «Жас құтқарушы – 2026» сайысында І орын иеленді » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » №17 мектеп командасы облыстық «Жас құтқарушы – 2026» сайысында І орын иеленді
15
май
2026

№17 мектеп командасы облыстық «Жас құтқарушы – 2026» сайысында І орын иеленді

Мектеп оқушылары облыстық «Жас құтқарушы – 2026» сайысында жоғары нәтиже көрсетіп, І орынға ие болды. Бұл жетістік – мектеп ұжымының жүйелі дайындығы мен оқушылардың табандылығының жемісі.
Сайысқа облыстың әр аудан-қалаларынан келген үздік командалар қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар алғашқы медициналық көмек көрсету, төтенше жағдайларда әрекет ету, эстафеталық кедергілерден өту және теориялық білім бойынша сынға түсті. №17 мектеп командасы барлық кезеңде белсенділік танытып, ұйымшылдық пен шапшаңдықтың үлгісін көрсетті.
Әсіресе, оқушылардың төтенше жағдай кезіндегі дұрыс шешім қабылдауы мен практикалық тапсырмаларды сауатты орындауы қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Облыстық «Жас құтқарушы – 2026» сайысындағы бұл жеңіс – мектеп үшін үлкен мақтаныш. Оқушылардың білім мен батылдықты қатар ұштастыра білуі олардың болашақта елге қызмет ететін азамат болып қалыптасуына негіз болады.