Дулат Бабатайұлы атындағы Семей колледжі » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Дулат Бабатайұлы атындағы Семей колледжі
14
апрель
2026

Дулат Бабатайұлы атындағы Семей колледжі

2026 жылғы 14 сәуір күні Дулат Бабатайұлы атындағы колледж мамандары №17 жалпы орта білім беретін мектеп базасында 9-сынып оқушыларына арналған профориентациялық жұмыс жүргізді.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға болашақ мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптер туралы ақпарат ұсыну және кәсіби білім алудың мүмкіндіктерімен таныстыру болды.

Кездесу барысында колледж өкілдері оқу орнының мамандықтары, қабылдау талаптары, білім беру бағдарламалары мен студенттерге жасалатын жағдайлар туралы кеңінен мәлімет берді. Сонымен қатар, оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.