Ашық есік күні."Геологиялық барлау колледжі" » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » » Ашық есік күні."Геологиялық барлау колледжі"
16
апрель
2026

Ашық есік күні."Геологиялық барлау колледжі"

2026 жылғы 16 сәуір күні Семей қаласындағы №17 жалпы білім беретін мектептің 9 «Ә» сынып оқушылары Геологиялық барлау колледжінде өткен ашық есік күніне қатысты.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға мамандық таңдауда бағыт-бағдар беру, колледждің оқу бағдарламаларымен таныстыру және болашақ кәсіби мүмкіндіктер туралы ақпарат беру болды. Ашық есік күні барысында оқушылар оқу орнының материалдық-техникалық базасымен танысып, заманауи зертханалар мен оқу кабинеттерін аралады.

Сонымен қатар, колледж оқытушылары мен студенттері геология, пайдалы қазбаларды барлау, тау-кен ісі бағыттары бойынша кеңінен ақпарат беріп, өз тәжірибелерімен бөлісті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың кәсіби бағдарын айқындауға, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға үлкен ықпал етеді.