28
апрель
2026
Ашық есік күні!Семей Медициналық колледж
2026 жылғы 28 сәуір күні Семей медициналық колледжінде Ашық есік күні өтті. Аталған іс-шараға Семей қаласындағы №17 жалпы орта білім беретін мектептің 9 «В» сынып оқушылары қатысты.
Шара барысында оқушылар колледждің оқу базасымен танысып, заманауи кабинеттер мен зертханаларды көрді. Сонымен қатар, білім беру бағдарламалары, мамандық түрлері және қабылдау талаптары туралы толық ақпарат алды.
Колледж оқытушылары мен студенттері өз тәжірибелерімен бөлісіп, медицина саласының ерекшеліктері мен маңыздылығы туралы айтып өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Ашық есік күні оқушыларға болашақ мамандықты таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беріп, медицина саласына деген қызығушылықтарын арттырды.![]()
![]()
![]()

