Семей Медициналық колледж » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

23
апрель
2026

Семей Медициналық колледж

2026 жылғы 23 сәуір күні Семей қаласындағы №17 жалпы орта білім беретін мектепте 9-сынып оқушыларына арналған профориентациялық кездесу өтті. Аталған шараны Семей медициналық колледжінің өкілдері ұйымдастырды.

Кездесу барысында колледж мамандары оқушыларға медициналық білім беру бағыттары, оқу шарттары, қабылдау талаптары және болашақ мамандықтардың ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берді. Сонымен қатар, денсаулық сақтау саласының маңыздылығы мен медицина қызметкерлерінің қоғамдағы рөлі туралы айтылды.

Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу жасөспірімдердің болашақ мамандықтарын саналы түрде таңдауына бағыт-бағдар берді.