25
апрель
2026
«ППҚҚ оқушылары «Күшіміз – бірлікте» сайысында жүлделі орындарға ие болды»
24 сәуір күні ППҚҚ оқушылары ата-аналарымен бірге қаламыздағы «Асыл Мирас» аутизм орталығында өткен «Күшіміз - бірлікте» спорттық іс-шарасына қатысып, жүлделі 1-ші және 2-ші орындарды иеленді. Аталған шара барысында оқушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен табандылықтың үлгісін көрсетті. Ал ата-аналар балаларына қолдау білдіріп, шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосты.
Біз бұл орталықпен әрдайым тығыз байланыстамыз. «Асыл Мирас» орталығының басшылығына осындай мазмұнды, қызықты іс-шараларды ұйымдастырып, балаларымыз бен ата-аналарға ерекше мүмкіндік сыйлағаны үшін алғысымызды білдіреміз.
Осындай бірлескен жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады деп сенеміз. Бұл – ерекше білім беру қажеттілігі бар балалардың әлеуметтенуіне, өз қабілеттерін дамытуына үлкен септігін тигізеді.