15
апрель
2026
Мектеп асханасының жұмысына жүргізілген мониторинг нәтижелері
17 мектептің бракеражды комиссиясы білім беру ұйымының асханасында жоспарлы тексеріс жүргізіп, тамақтану сапасына, санитарлық талаптардың сақталуына және тағамдардың дайындалу барысына мониторинг жасады.
Тексеру барысында асхананың жұмысы жалпы талаптарға сай екені анықталды. Тағамдардың сапасы, сақтау шарттары және санитарлық-гигиеналық нормалардың орындалуы бақылаудан өтті.
Мониторинг қорытындысы бойынша елеулі заңбұзушылықтар мен қатты ескертулер тіркелген жоқ. Асхана жұмысы қанағаттанарлық деңгейде деп бағаланды.
Алдағы уақытта да оқушылардың қауіпсіз әрі сапалы тамақтануын қамтамасыз ету мақсатында жүйелі бақылау жалғасатын болады.

