Ұлттық тәрбиенің бастауы – “Бұрымды қыз” жобасы
Қазақ қызы – ұлттың айнасы, тәрбиенің темірқазығы. Осы асыл құндылықтарды жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында 1 «А» сыныбында “Бұрымды қыз” атты тағылымды жоба өз жұмысын бастады.
Жоба аясында сыныптың бұрымды бүлдіршіндері Берікқызы Малика мен Оралғазы Раяйна қазақы болмысты дәріптейтін мазмұнды видео ролик түсіріп, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін көрсетті. Бүлдіршіндердің шынайы қатысуымен жүзеге асқан бұл бастама көрерменге ұлттық тәрбие мен нәзік сұлулықтың үйлесімін ұсынады.
“Бұрымды қыз” жобасының басты мақсаты – қазақ қыздарының бойына ибалылық пен әдептілікті, көркем мінез бен рухани байлықты дарыту, ұлттық дәстүрді қадірлеуге баулу.
Жобаның жүзеге асуына жетекшілік еткен сынып жетекшісі Секетаева Т.М. ұлттық тәрбиеге негізделген бұл бастаманың болашақта да тәрбиелік мәні зор жұмыстармен жалғасуына ықпал етуде.
Ұлттың болашағы – тәрбиелі ұрпақ. “Бұрымды қыз” – сол болашаққа бастар нұрлы жол.
https://www.instagram.com/reel/DUQSe5ajOe-/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

