Қазақи болмысты насихаттауға бағытталған “Бұрымды қыз” жобасы 1 А сыныбында өз жұмысын бастады. » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » Қазақи болмысты насихаттауға бағытталған “Бұрымды қыз” жобасы 1 А сыныбында өз жұмысын бастады.
02
февраль
2026

Қазақи болмысты насихаттауға бағытталған “Бұрымды қыз” жобасы 1 А сыныбында өз жұмысын бастады.

Қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан тәрбиесі мен көркем болмысын жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында 1 «А» сыныбында “Бұрымды қыз” атты тағылымды жоба өз жұмысын бастады. Бұл жоба – қазақ қызының ибалылығы, әдебі, көркі мен рухани байлығын насихаттауға бағытталған маңызды бастама.

Жоба аясында сыныптағы бұрымды қыздар Берікқызы Малика мен Оралғазы Раяйна белсенділік танытып, қазақы болмысты бейнелейтін мазмұнды видео ролик түсіріп, жобаның алғашқы қадамына өз үлестерін қосты. Бала жүрегімен, шынайы ықыласпен орындалған бұл жұмыс ұлттық тәрбиеге деген құрметтің айқын көрінісі болды.

“Бұрымды қыз” жобасының негізгі мақсаты – қазақ қыздарының тәрбиесі мен әдептілігін, сұлулығы мен инабаттылығын, рухани байлығын дәріптеу, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілікті ерте жастан қалыптастыру.

Жобаның бастамашысы әрі жетекшісі — сынып жетекшісі Секетаева Т.М. Ұстаздың ұйытқы болуымен жүзеге асып жатқан бұл жоба болашақта да жалғасын тауып, жас ұрпақтың ұлттық санасын нығайтуға өз үлесін қосады деп күтілуде.

Ұлт тәрбиесі – ұлт болашағы. “Бұрымды қыз” жобасы осы ұлы мақсат жолындағы игі қадамдардың бірі болмақ.

https://www.instagram.com/reel/DUQSoTQDIyb/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==​​​