16
октябрь
2025
Тоғызқұмалақ. Жетекшісі: Бужикенова М.Р.
Мектебімізде оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту, зияткерлік әлеуетін арттыру және ұлттық мұраны насихаттау мақсатында «Тоғызқұмалақ» үйірмесі жұмысын бастады.
Үйірме сабақтары аптаның сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері өткізіледі. Сабақ барысында оқушылар тоғызқұмалақ ойынының негізгі ережелерін меңгеріп, стратегиялық ойлау, есептеу қабілеті мен төзімділік дағдыларын дамытады.
«Тоғызқұмалақ» үйірмесі – оқушылардың зияткерлік дамуына ықпал ететін, ұлттық спортты дәріптеуге бағытталған маңызды білім беру алаңы.

