Бес асық. Жетекшісі: Калиакпаров Ж.А. » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

08
октябрь
2025

Бес асық. Жетекшісі: Калиакпаров Ж.А.

Мектебімізде оқушылардың ұлттық құндылықтарға деген қызығушылығын арттыру, ептілік пен дәлдікті дамыту мақсатында «Бес асық» үйірмесі ұйымдастырылды.

Үйірме сабақтары аптаның сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері өткізіледі. Сабақ барысында оқушылар асық ойынының ережелерімен танысып, ұлттық ойын арқылы өзара қарым-қатынас, шыдамдылық және шапшаңдық дағдыларын дамытады.

«Бес асық» үйірмесі – жас ұрпақты ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеуге, салт-дәстүрімізді дәріптеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі.