17
октябрь
2025
Волейбол. Жетекшісі: Жакиянов Р.Г.
Мектебімізде оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа деген қызығушылығын арттыру және командалық рухты нығайту мақсатында волейбол үйірмесі ұйымдастырылды.
Жаттығулар аптаның бейсенбі және жұма күндері өткізіледі. Үйірме барысында оқушылар волейбол ойынының негізгі техникасын меңгеріп, жылдамдық, төзімділік және бірлесе әрекет ету дағдыларын дамытады.
Волейбол үйірмесі – оқушылардың белсенділігін арттырып, жеңіске ұмтылу мен өзара қолдауды қалыптастыратын маңызды спорттық бағыт.

