11 «Ә» сыныбымен «Жеңіске жетелеймін өзімді» тренингі өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

» » 11 «Ә» сыныбымен «Жеңіске жетелеймін өзімді» тренингі өтті
12
май
2026

11 «Ә» сыныбымен «Жеңіске жетелеймін өзімді» тренингі өтті

12 мамыр күні мектеп психологы тарапынан 11 «Ә» сынып оқушыларымен «Жеңіске жетелеймін өзімді» атты психологиялық тренинг ұйымдастырылды. Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың өзіне деген сенімін арттыру, мотивациясын күшейту, алға қойған мақсаттарына жетуге ынталандыру және психологиялық қолдау көрсету.

Тренинг барысында оқушылар бірнеше қызықты әрі пайдалы жаттығулар орындады. «Мен жетістікке лайықпын!» жаттығуы арқылы қатысушылар өз бойындағы жақсы қасиеттерін атап, өзін-өзі бағалауды дамытуға мүмкіндік алды. Ал «Мақсат баспалдағы» тапсырмасында әр оқушы болашақтағы армандары мен мақсаттарына жетудің нақты қадамдарын жоспарлады.

 «Мен мақтан етемін...» жаттығуында оқушылар өз жетістіктерімен бөлісіп, бір-біріне қолдау көрсетті.

Тренинг соңында «Өзіме уәде» қорытынды жаттығуы өткізіліп, оқушылар өз болашағына қатысты нақты уәделерін жазып, «Жеңіс ағашына» жапсырды.

Осындай тренингтер жасөспірімдердің тұлғалық дамуына, мақсат қоя білуіне және өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына оң ықпал етеді.

          Педагог-психолог Базарова Э.Н.

Сынып жетекші Калиева Ж.Б.