8 «Ә» сыныбымен тренинг өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

10
апрель
2026

8 «Ә» сыныбымен тренинг өтті

2026 жылдың 10 сәуір күні мектеп психологы Э.Н. Базарованың жетекшілігімен және «Шәкәрім университеті» педагогика және психология кафедрасының 2 курс машықкерлері Кенжеқызы Ерке мен Омарова Дильназдың ұйымдастыруымен 8 «Ә» сыныбында психологиялық тренинг өткізілді. 

Тренингтің тақырыбы: «Менің күшім өзімде». 

Тренингтің негізгі мақсаты – оқушылардың өзін-өзі бағалау деңгейін арттыру, өзіне деген сенімділікті қалыптастыру және жеке тұлғалық ресурстарын сезіндіру.

Іс-шара барысында оқушылар өз жетістіктерін анықтауға, өз-өздерін бағалауға және жағымды қасиеттерін көруге бағытталған түрлі жаттығулар орындады. Атап айтқанда, «Жетістік ағашы» жаттығуында әр оқушы өз табыстарын жазып, ортақ ағашқа орналастырды. Бұл олардың өз мүмкіндіктерін түсінуге ықпал етті.

Ал «Күн шуағы» жаттығуы арқылы оқушылар бір-біріне жылы сөздер айтып, сыныпта жағымды психологиялық ахуал қалыптастырды. Бұл кезең оқушылардың өзара қолдау көрсету дағдыларын дамытуға бағытталды.

Тренинг соңында рефлексия жүргізіліп, оқушылар өз әсерлерімен бөлісті. Көпшілігі өздерін еркін сезінгенін, жаңа нәрсе үйренгенін және тренингтің пайдалы болғанын атап өтті.

Осындай психологиялық жұмыстар оқушылардың тұлғалық дамуына, өз-өзіне деген сенімінің артуына және сыныптағы достық атмосфераның нығаюына оң әсерін тигізеді.

Машықкерге жетекші тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіліп, жұмыс барысында кездескен кейбір қателіктерді түзету және жаттығуларды дұрыс ұйымдастыру бойынша бағыт-бағдар берілді. 

Педагог-психолог Базарова Э.Н.

Сынып жетекші Мусабекова Л.Е.