10 «А» сыныбымен тренинг өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

27
январь
2026

10 «А» сыныбымен тренинг өтті

2026 жылдың 27 қаңтар күні мектеп психологі Э.Н. Базарованың жетекшілігімен және «Шәкәрім университеті» педагогика және психология кафедрасының 3 курс машықкері Бегарысқызы Нұржанның ұйымдастыруымен 10 «А» сыныбында психологиялық тренинг өтті.

Тренингтің тақырыбы: «Стресс және оны басқару жолдары». Тренингтің мақсаты – оқушылардың стресс туралы түсінігін кеңейту, стрессті тануға және оны жеңілдету тәсілдерін үйрету.

Іс-шара барысында оқушылар стресс ұғымымен танысып, өздерінің стресс көздерін анықтауға бағытталған жаттығулар орындады. Сонымен қатар, тыныштандыру және релаксация әдістерін меңгеріп, эмоциялық күйді басқару жолдарын үйренді. Белсенді қатысып, өз ойларын ашық білдірді. Тренинг соңында рефлексия жүргізіліп, қатысушылар алған әсерлері мен көңіл-күйлерін бөлісті.

Тренинг жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың эмоциялық тұрақтылығын арттыруға және стресс жағдайында өзін басқару дағдыларын қалыптастыруға оң ықпал етті.

Машықкердің жұмысы жетекші тарапынан үнемі бақылауда болып, тренинг барысында әдістемелік қолдау көрсетілді. Жаттығуларды өткізу кезінде байқалған кейбір кемшіліктерге түзетулер енгізіліп, жұмыстарды тиімді әрі жүйелі ұйымдастыруға байланысты нақты ұсыныстар берілді.