6 «Ә» сыныбымен тренинг өтті » КГУ СОШ № 17
Абай облысы білім басқармасының
Семей қаласы білім бөлімінің
"№17 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7(7222) 32-07-17
Есепші бөлімі:
+7(7222) 42-45-42
Нашар көрушілер
нұсқасы

Семей қаласының «№17 ЖОББМ» КММ-нің ресми сайтына қош келдіңіздер! Добро пожаловать на официальный сайт КГУ "СОШ №17"

22
январь
2026

6 «Ә» сыныбымен тренинг өтті

2026 жылдың 22 қаңтар күні мектеп психологі Э.Н. Базарованың жетекшілігімен және «Шәкәрім университеті» педагогика және психология кафедрасының 3-курс машықкері Жұмәділова Сымбат 6 «Ә» сыныбымен «Кім жылдам?» тақырыбында психологиялық тренинг жұмысын жүргізді. Тренинг жақсы ұйымдастырылып, оқушылардың зейінін шоғырландыруға, ойлау жылдамдығын арттыруға және алға қойған мақсатқа жетуге ынталандырды.

Мақсаты: Оқушылардың зейінін, ойлау жылдамдығын және тез шешім қабылдау қабілетін дамыту, командалық жұмыс дағдыларын қалыптастыру, өзіне деген сенімділігін арттыру және оқу үдерісінде белсенділік танытуға бағыт беру.

Іс-шара барысында оқушылар түрлі зейін мен жылдамдыққа арналған жаттығуларды орындап, топпен жұмыс жасау дағдыларын дамытты. Сонымен қатар ойын элементтері арқылы бір-бірімен қарым-қатынас жасап, өз ойларын еркін жеткізе білді. Ойын барысында оқушылардың көңіл-күйі көтеріліп, қызығушылығы артты. Балалар өз ойларын еркін айтып, бір-бірін қолдап, жеңіске жетуге ұмтылды. Кейбір оқушылар көшбасшылық қабілеттерін байқатса, басқалары топтың бірлігі мен ынтымағын сезінді. Жарыс элементі балаларға жағымды эмоция сыйлап, өзара сенімді нығайтты.

Машықкерге жетекші тарапынан әдістемелік қолдау көрсетіліп, жұмыс барысында кездескен кейбір кемшіліктерді түзету және жаттығуларды дұрыс ұйымдастыру бойынша бағыт-бағдар берілді.